Бүгінгі Шерзат ісіндегі сотта күдікті Шынасыл Абзалдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовты ауыстыруды талап етті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сот отырысының нақты басталу уақыты кейінірек хабарланатыны айтылды.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс жеке-дара қарап жатқан судьяға қатысты өтініш (отвод) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 87-бабы 11-бөлігіне сәйкес қаралады. Аталған нормаға сай, мұндай өтініштерді осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы шешеді.
«Осы заң нормасына сәйкес, өтінішті осы соттың судьясы Беймбетов А.А. қарайтын болады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, кәмелетке толмаған Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған жалғыз күдікті – Абзал Шынасыл.