Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғынын өлтірген күдікті бір тәулік ішінде ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлады Ақмола облысы полициясының баспасөз қызметі.
"Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетпек болған, бірақ полицейлер оны тез арада тауып, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз