Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павлодарлық Камила Аймұқашева 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде отандық спортшы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз