Бөлімдер
Жаңалықтар

Боксшы Санжарәлі Бегалиев Үндістандағы әлем кубогының жартылай финалына шықты

Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алды.

1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.

Санжарәлінің қоржынында енді кем дегенде қола медаль бар.