"Қазгидромет" РМК 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде тұман мен жел болатынын хабарлап, 17 өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.

18-19 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 18 қарашада күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа, 19 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі..

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

18-19 қарашада Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында да тұман түседі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз