Көкшетауда Қылшақты өзенінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен үш баланы құтқарып қалған қала тұрғыны Сергей Цупкин марапатталды. Бұл туралы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Сергей Цупкин Қылшақты өзенінің жағасында жүргенде мұз үстіндегі үш баланың суға құлаған сәтіне куә болған.
Сергей бір секундқа да ойланбастан оларға көмекке жүгірген. Айтуынша, бәрі көз алдында болған.
Сергейдің батыл әрекеттерінің арқасында үш бала да жағаға шығарылып, жақын жердегі жылы жерге, кейін медициналық мекемеге жеткізілген. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Сергейдің өзі әлеуметтік желілердің арқасында табылған. Ол ерлік жасағанын ешкім білмегенін қалаған.
Дегенмен Ақмола облыстық ТЖ департаменті оны арнайы шақырып, алғыс хат пен сыйлықтар табыстаған. ТЖД бастығы Бақытжан Алашов тұрғынға алғысын айтып, мұндай қадамға әркім бара бермейтінін атап өткен.
Ведомство Сергей Цупкин кейінірек берілетін мемлекеттік наградаға да ұсынылатынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз