Бұл туралы Tehran Telegraph басылымы жазды.

Иран президенті Масуд Пешезкиан келер айда Қазақстан мен Түркіменстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Масуд Пешезкиан Решт қаласында өтіп жатқан Каспий елдері форумында осылай деп мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, ол Қазақстанға алғаш рет келеді. Президент Пезешкиан Каспий өңіріндегі барлық елмен саяси, экономикалық және мәдени байланысын кеңейткісі келеді.

Иран сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арагчидің айтуынша, мемлекет басшысы теңіз жағалауындағы мемлекеттердің басшыларының бәрімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.