Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Нәтижесінде колледжде тіркелген, бірақ оқу процесіне қатыспаған тұлғалар анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметіне сүйенсек, Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.
"Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде).
Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған", — делінген хабарламада.
Колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. Ол үйқамаққа алынды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз