Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мектептерді қашықтан оқыту форматына көшіру статистикасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спикердің айтуынша, 19 қарашадағы жағдай бойынша, мониторинг нәтижесінде еліміздің жеті өңірінде мектептерде қашықтан оқыту туралы шешім қабылданды. Ел бойынша жалпы 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқыту форматына көшірілді.

"Яғни, мектептер қашықтан оқытуға ауысқан жоқ, бірақ сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жекелеген сыныптар көшті", — деді Сархат Бейсенова.

Спикер сондай-ақ еліміздің қай өңіріндегі мектеп оқушылары ЖРВИ жұқтыру деңгейі жоғары екенін айтты.

"Ел бойынша 132 мектептегі 1469 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Ақмола, Қарағанды облыстары", — деді Бейсенова.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз