Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтары аясында Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы өткізген ойындарынан кейін УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

УЕФА әлем чемпионатына іріктеудің соңғы кезеңі аяқталғаннан кейін жаңа рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы алдымен өз алаңында Бельгиямен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Кейінірек достық кездесуінде Фарер аралдары құрамасына 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Рейтингтегі алғашқы ондық:

  1. Испания,
  2. Аргентина,
  3. Франция,
  4. Англия,
  5. Бразилия,
  6. Португалия,
  7. Нидерланды,
  8. Бельгия,
  9. Германия,
  10. Хорватия.

Ал Қазақстан 115-орында тұр. Фарер аралдары 125-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы төртінші орынға ие болып, әлем чемпионатының іріктеуінен өте алмады. Бельгия тікелей турнирге жолдама алды, ал, Уэльс пен Солтүстік Македония іріктеудің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.