Бас мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтауға уәде етті.

Алматы метросының бірінші желісінің үшінші іске қосу кешенінде ("Қалқаман" станциясы) заманауи технология бойынша, яғни шпалсыз және түйіспесіз 1807 метр рельс төселді, деп хабарлады бас мердігер "BCN Group" ЖШС.

Компанияның басқарушы директоры Мұрат Өкшебаевтың айтуынша, сол жақ бағыттауыш тоннельге рельстер төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта оң жақ бағыттауыш тоннельдің қазу жұмыстары жалғасуда: 1593 метрдің 1236 метрі қазылды, 357 метрі қалды. Өткізу қарқыны – тәулігіне 4–5 метр. Дайын бөлікте шамамен 200 метр рельс төселді.

"Әрбір 25 метрлік рельс алюминотермиттік дәнекерлеу әдісімен біріктіріледі: балқытылған металл түйіспені берік бекітіп, рельстерді біртұтас сызыққа айналдырады. Бұл пойыздардың барынша жайлы, жұмсақ әрі шуылсыз қозғалуын қамтамасыз етеді", – делінген мердігер компанияның хабарламасында.

Тоннельдерде электрмен жабдықтау кабельдері, су құбыры және дренаж жүйесі тартылуда. Сонымен қатар дыбыстық хабарлау, бейнебақылау, өртке қарсы және қауіпсіздік дабылдары, метрополитенге кіруді бақылау және есепке алу жүйелері орнатылады. Жарықтандыру және жабдыққа арналған кронштейндерді монтаждау жұмыстары толық аяқталған.

Жыл соңына дейін рельстерді станция маңындағы құрылыстарда және "Қалқаман" станциясының өзінде рельс төсеу жұмыстары аяқталады.

Бас мердігердің ақпаратына сәйкес, барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін, бекітілген кестеге сәйкес толық аяқталады.

"Станция құрылысының нормативтік мерзімі – 24 ай, алайда компания жұмысты жоспардан бұрын – 14 ай ішінде аяқтауды көздеп отыр. Сондай-ақ станция мен тоннельдерді қауіпсіз пайдалануға қажетті жабдықтар мен материалдарды жеткізу жүргізілуде. Нысанда үш ауысымда 400-ден астам тәжірибелі маман жұмыс істейді: олардың 124-і жер астында, 293-і жер үсті учаскелерінде еңбек етуде", – делінген мердігердің хабарламасында.


Оқи отырыңыз:

  • "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: Алматы метросы жолаушылар ағыны бойынша рекорд орнатты
  • Основные работы на новой станции метро "Калкаман" выполнили на 75%