Бұл туралы HBO Max телеарнасы хабарлады.

Танымал телесериалдың басты кейіпкерлерін сомдайтын актёрлер де белгілі болы, деп жазады inbusiness.kz сайты Nbc News-ке сілтеме жасап.

Осылайша, Гарри Поттерді – Доминик Маклафлин, Гермиона Грейнджерді – Арабелла Стэнтон, Рон Уизли рөлін Аластер Стаут сомдамақ.

– Бұл ерекше актёрлердің таланты таңдай қақтырады, біз олардың экрандағы сиқырын бүкіл әлем көретін күнді тағатсыздана күтеміз, – деді атқарушы продюсерлер Франческа Гардинер мен Марк Майлод қуанышы қойнына сыймай.

HBO Max-та жарық көретін жаңа телешоу "Гарри Поттер" кітаптарының толық бейімделген нұсқасы саналады. Десе де, сериалдың премьера күні нақты әрі толық жарияланбады. Кітаптардың авторы Джоан Роулингтің есімі де жобада аталады. Ол телесериалда атқарушы продюсер ретінде бой көрсетеді.

Осыған дейін шетелдік БАҚ беттерінде Ұлыбританияда "Гарри Поттердің" сирек кездесетін алғашқы басылымы қоқыстан табылған еді. Ол тұңғыш басылған 500 дана кітаптың бірі болса керек.