World Boxing халықаралық федерациясының жаңа президенті Геннадий Головкин сайлаудағы жеңісінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Танымал қазақстандық боксшы Рим қаласында өткен World Boxing Конгресі кезінде жаңа қызметке ие болды. Спортшы ұйымның президенті болып тағайындалған соң журналистермен тілдесіп, әсерін бөлісті.
"Маған қолдау білдірген бокс сүйер қауымға, өз отандастарыма, күллі Қазақстанға алғыс айтамын. Енді қандай деңгейде екенімізді ұғынып, ары қарай дамитын боламыз", — деді Головкин.
Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып тағайындалды. Қазақстандық бокс жұлдызы Римде өткен Конгреске қатысып, басшылық қызметі кезінде ұстанатын төрт бағытты атады.
GGG-ды алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз