Отандық танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова желі парақшасында сүйінші жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Абай Бегейден аяғы ауыр екенін аңдататын видео жария етті.

"+1 Абайұлы немесе Абайқызы", — деп жазды Жұманова видео сипаттамасына.

Видеодан құрсақтағы баланың УДД суретін, сондай-ақ әнші Абай Бегей жарына бір құшақ гүл мен ұялы телефон тарту еткенін көруге болады.

Жазбаны көрген желі қолданушылары оларға құттықтауларын жаудырды.

"Ата болып та, әке болып та үлгеріп жатыр, Абай мырза", "Аман-есен босанып алсын! Жағдайлары бар, Аллаға шүкір, жас қой әлі, Алла беріп жатса, неге тумасқа", "Керемет! Құтты болсын!", — деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фариза Жуманова (@fari___za____zhan)

Айта кетсек, бұл әншінің отбасындағы жалғыз қуанышты жаңалық емес. Жұманова бір апта бұрын ғана желі парақшасында жиен немересін алғаш көрген сәтінен видеоны бөліскен болатын.

"Жиен немеремізді алғаш көрген сәтіміз. Көзден аққан жас қуаныштың, таза махаббаттың, перзент бақытының жасы. Тақсыр есіктен кірер сәтте қатты қобалжып "Симбиімнің өзі бөпем ғой, Ана атанып жатыр ма" деп сене алмай біраз тұрды", — деп жазған еді Жұбанова видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фариза Жуманова (@fari___za____zhan)

Еске салсақ, әншінің бүгінде жеті баласы бар. Кенже баласы 2023 жылғы мамырда дүние есігін ашқан болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз