"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты маусымның техникалық ашылуы туралы жағымды жаңалық мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, техникалық ашылу 26 қарашаға жоспарланған.

Бұл күні Сол жақ Талғар және жаңадан бастаушыларға арналған: Белый Мишка және Ак Барсик трассаларында сырғанауға болады.

"26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында скипасстар Low Season бағасымен сатылады, ал жаңадан бастаушылар күні бойына бар болғаны 8 000 теңге болатын "Бастаушы" тарифін ала алады, ол арқылы жаңадан бастаушыларға арналған трассаларда сырғанауға болады",- делінген ақпаратта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШЫМБҰЛАҚ ТАУ КУРОРТЫ