Ауылға барған дәрігерге 10 млн теңгеге дейін төленеді.

Қазақстанда ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге берілетін әлеуметтік қолдаудың мөлшері бойынша өңірлер рейтингі жарияланды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы 10 айда 1326 медицина қызметкері әлеуметтік қолдау алған, оның 801-і – ауылда жұмыс істейтін дәрігерлер.

Министрлік ең тиімді өңірлердің бірі ретінде Жетісу облысын атады. Мұнда ауылға барған дәрігерлерге 10 миллион теңге көлемінде көтермеақы төленеді. Бұл шара кадр тапшылығын едәуір төмендеткен. Сонымен қатар, ең жоғары мөлшердегі – 8,5 миллион теңгеге дейінгі әлеуметтік төлемдер ұсынатын өңірлер тізімі жарияланды. Олардың қатарында:

  • Батыс Қазақстан облысы,
  • Шығыс Қазақстан облысы,
  • Павлодар облысы,
  • Алматы облысы,
  • Атырау облысы.

Оқи отырыңыз: Енді дәрігерлерге қол көтергендер 12 жылға сотталуы мүмкін


Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2025 жылы оқуын енді аяқтаған 417 жас маман бірден жұмысқа кіріскен. Оның 287-сі республикалық бюджеттен көтермеақы алса, 866 медицина қызметкері жергілікті бюджет есебінен қолдауға ие болған. Олардың ішінде 248-і – тапшы мамандық иелері. Бұдан бөлек, 500-ден астам дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген, ал 100-ден астамы әлеуметтік көмектің өзге түрлерін алып отыр.