Ресей мен Украинаның кезекті келіссөзінің уақыты жақын арада белгілі болады.
Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі мәлімдеді. Сергей Лавровтың айтуынша, осыған дейін Ыстамбұлдағы кездесуде Мәскеу тарапы Украинадан орыс тілді халықтың құқығын шектейтін заңның күшін жоюды талап еткен. Жаңа келіссөз барысында да осы мәселеге баса назар аударылады, дейді дипломат. Ал Украина басшысы үш жақты кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Владимир Зеленский мәселені Дональд Трамп пен Владимир Путинмен бетпе-бет шешуге дайын екенін мәлімдеді. Бүгін Украина басшысы Берлинге барды. Жуырда зымырандар жеткізіп берген Германия Киевке онымен қорғану үшін ғана емес, Ресей аумағын бомбалауға да рұқсат еткен еді. Енді Берлин Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар өндірісін бастауға көмектеспек.