Мәжіліс мінберінде депутат Ерлан Саиров аудан әкімдерінің сайлауын тоқтату тұруға ұсыныс жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Айтуынша, саяси науқанды өткізу қазынаға салмақ салатын көрінеді. Мәселен, биыл 6 аудан мен 1 қала әкімінің сайлауы өткен. Ал үгіт-насихат, ұйымдастыру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Сондықтан мәжілісмен аудан басшыларын мәслихат депуттатары сайлағаны дұрыс дейді. Әрі әкімдердің функциялық міндеттемелері мен мүмкіндіктерін қайта пысықтау қажеттігін айтты.
"Бүгінде аудан, қала әкімдерін пилоттық форматта сайлауға кірістік. 52 ауданның әкімі сайланды. Бірақ оның тиімділігі әлі де сараланбады. Олардың бәрі өз міндетін лайықты деңгейде атқарып отыр деп айта алмаймыз. Сайланған аудан әкімдерінің біразы бір жылға жетпей жұмысынан кеткен. Сондықтан асығыстық танытпай, жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Ең бастысы жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, сайлау, өңірлерді дамыту туралы көптеген заңға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауына саяси мораторий жариялаған жөн деп білеміз", — дейді Ерлан Саиров.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз