Гонконгтың Тай Поауданындағы "Ван Фук Корт" тұрғын үй кешеніндегі өрт әлі сөнген жоқ. Тілсіз жаудан мерт болғандардың саны 44-ке жетті, деп хабарлайды Inform.kz.

Өрт сөндірушілер түннен бері жұмыс істеп жатыр. Бірақ қатты ыстық пен қою түтін 32 қабатты мұнаралардың жоғарғы қабаттарына шығуды қиындатты.

Полиция төрт көпқабатты үйдегі өрттің ауыздықталғанын хабарлады. Билік бұған дейін өрт 7 ғимаратты шарпығанын хабарлаған болатын.

Құзырлы органдар ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының үш азаматын қамауға алды.