Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының I дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды. Марапатты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров табыс етті, деп хабарлайды ҰҚШҰ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовке ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретінде атқарған жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметінен кететіні белгілі болған еді.
Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келді.
Бүгін Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында онын орнына кім тағайындалатыны бекітілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыков атқарады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз