Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Таяу Шығыс күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сұхбаттастар Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.