"Қазгидромет" РМК 28 қарашаға арналған ауа райы юолжамын ұсынды. Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.

28-30 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз