Ерекше баланы үстінен көрпемен басып ұйықтатқан. Семейде бес жасар ұлымды балабақша тәрбиешісі қинады деген ата-ана, оның тиісті жазаға тартылуын талап етті. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
КТК ақпаратына сүйенсек, оқиға мемлекеттік балабақшалардың бірінде болған. Тәрбиешінің балаға жасаған әрекеті түсірілген видео желіде тарады. Оның бірінде 38 жастағы әйел ұлдың үстіне көрпе жауып, қос қолымен басып жатқан сәтін көруге болады. Бақылау камерасынан алынған жазба өзге ата-аналардың да жағасын ұстатты. Енді олар тәрбиешіні қызметінен аластатуды талап етуде. Ал шу шыққан балабақша басшылығы маманның он жыл тәжірибесі бар дейді. Дегенмен бұл оқиғадан кейін бала күтімі бойынша демалысқа кеткенін айтады. Сонымен қатар полиция тарапынан тергеу жүргізіліп жатқанын да жеткізді.
"Тергеу жүріп жатыр. Ал тәрбиеші жұмыстан шеттетілген. Ол декрет демалысында. Төрт баласы бар. Ал балабақшадағы бақылау камералары тексеріліп отырады. Бұғанға дейін балаларды жұлқылаған әрекеттерін көрмедік". Гүлнар Жұмағалиева, №9 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
Бұған дейін Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.