Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеп, Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында мемлекет басшысы ретінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына айрықша мән беретіндігін атап өтті.
"Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуге тиіс",- деді ол.
Ел президентінің ойынша, әдетте, мұндай хаттардың көбі аймақтағы инфрақұрылым, соның ішінде, жол, аула және балалар алаңы туралы болады. Бұл – жергілікті жерде шешімін табуға тиіс негізгі мәселелер.
"Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр. Азаматтардың өз әкіміне деген сенім деңгейін осындай хаттардың санынан байқауға болады". Мемлекет басшысы
Бұған дейін президент ауыл өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс екенін айтқан болатын.