World Boxing халықаралық федерациясы 2026 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҰОК-тің мәліметінше, бірінші кезең сәуір айында Бразилияда, екінші кезең Қытай өтеді, ол маусым айына жоспарланған.
Финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала кейінірек жарияланады.
Сондай-ақ алдын ала жарыс күнтізбесіне жазғы маусымда өтетін U19 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты енгізілген. Өтетін орны әлі анықталмаған.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қарашада Италияның Рим қаласында өткен World Boxing Конгресінде даңқты боксшы Геннадий Головкин ұйымның президенті болып сайланды.
Головкин World Boxing сияқты ұйымды басқару үлкен жауапкершілік әрі үлкен мәртебе екенін айтты.
Сондай-ақ ол әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтауларға, отандастарына алғыс айтып, әрбір жылы лебіз ерекше ыстық екенін жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз