Төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Ал 2019 жылдан бері білім мен ғылымға бөлінген қаржы көлемі үш есе артты. Содан бері 1200 мектеп салынып, 1 млн бала заманауи білім ордаларында оқып жатыр. Бұл жайлы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Бүгін палата спикері бастаған сенаторлар бас қаладағы бірқатар мектептің қызметімен танысып, мұғалімдермен тілдесті. Кітапханалар мен спорт залдарында болып, педагогтармен білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев кездесуде, мектептерге білім беріп қана қоймай, жас буынды рухани дамытатын, жаңа әлемге бейімдейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ етіп қалыптастыратын бағдарлама қажет екенін атап өтті.