Белгілі қазақстандық теннисші Зарина Дияс AO Wild card Play-Off турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зарина Дияс Чэнду қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен өзара бақ сынасты. Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Осылайша, Зарина 2026 жылғы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды.
"Бұл — сәт ең қиын күндерден кейін әрқашан өміріңізге жарық түсетіндігінің дәлелі. Ментальды тұрғыда жүріп өткен қиын жолдан кейін O Wild card Play-Off жеңісі менің күшімді айшықтай көрсетті. Мен өз тағдырыма ризамын және осындай жолды басып өткенімді мақтан тұтамын". Зарина Дияс
Бұған дейін үстел теннисінен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев 1/16 финалда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өткенін жазғанбыз.