Бұл туралы QazAvtoJol хабарлады.

Алматы облысындағы қалың тұманға байланысты жол жабылды. Нақты айтқанда Алматы-Қонаев трассасының жекелеген учаскелері жабық, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"1 желтоқсанда сағат 7:15-тен бастап Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы автожолының бақылау өткізу бекетінен бастап Қонаев қаласы аралығындағы (25–67 км) учаскеде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылады. Жол қозғалысы шамамен дәл осы күні 10:00-де ашылады деген жоспар бар", – делінген ресми ақпаратта.

Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі деп болжап отыр. Ал елдің орталық және солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.