Павлодар облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтар жұмыс істейтін орындарда ақпараттық рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мамандары еңбек мигранттарына Қазақстан заңнамасының талаптарын түсіндіріп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге консультациялық көмек көрсетті.

"Біз Екібастұз қаласындағы "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС-де шетелдік азаматтармен кездестік. Кездесу барысында олардың Қазақстан Республикасында болу қағидалары, визалар мен рұқсаттарды ұзарту тәртібі, көші-қон есебі, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қаралды. Құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды", – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Мамандардың айтуынша, кездесуге қатысушыларға safetravel.kz сайты туралы ақпарат беріліп, туристік карталар таратылған.

Көші-қон қызметі осындай ақпараттық іс-шараларды шетелдік азаматтар еңбек ететін барлық нысандарда өткізуді жоспарлап отыр.