Telegram мессенджерінің негізін қалаушы, кәсіпкер Павел Дуров Cocoon (Confidential Compute Open Network) деп аталатын есептеу үшін орталықтандырылмаған құпия желінің іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Ол бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды. Жаңа жүйе жасанды интеллектіні (ЖИ) және TON (The Open Network) блокчейнін қолданады.
Дуровтың айтуынша, бұл желі пайдаланушыларға ЖИ-мен жұмыс істеген кезде 100 пайыз құпиялылықты қамтамасыз етеді.
"Telegram-дағы автоматты аудармаға байланысты кейбір сұраныстар қазірдің өзінде осы желі арқылы өңделіп жатыр", – деп жазды Дуров.
Кәсіпкер әзірлеушілер есептеу ресурстарына Microsoft немесе Amazon сияқты орталықтандырылған провайдерлерге қарағанда төмен бағамен қол жеткізетінін атап өтті. Графикалық карта иелері жабдықты Cocoon-ға қосу арқылы нақты уақыт режимінде TON криптовалютасын таба алады.
Бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлерді несиелендіруді ынталандыру бойынша жаңа шаралар ұсынылуда екенін жазғанбыз.