Президент Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың басасөз қызметі.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.


Оқи отырыңыз:

  • Бір палаталы парламентте президент квотасы болмайды – Тоқаев депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ екенін айтты
  • Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған кітабы таныстырылды