Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.