Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін көлік қозғалысына шектелді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратына сәйкес, 1 желтоқсанда сағат 20:30–да ауа райының бұзылуына байланысты "Қарабұтақ — Комсомол — Денисовка — Рудный — Қостанай" автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылынан — Қостанай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз