Бір қарағанда, қазір әлем түгел онлайн өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алайда БҰҰ-ның Халықаралық телекоммуникациялар одағы (ITU) жариялаған жаңа деректер бұл түсінікті жоққа шығарды. Мәліметке сәйкес, Жер шарындағы әр төртінші адам, яғни 2,2 миллиард тұрғын өмірінде интернетке қосылып көрмеген.
Зерттеу шамамен 6 миллиард адамның желіні белсенді қолданатынын көрсетіп отыр. Бірақ цифрлық теңсіздік әлі де баршылық. Әсіресе Африкада жағдай күрделі. Бұл аймақтағы халықтың 64 пайызы интернетсіз өмір сүріп жатыр. Тіпті технологиясы дамыған Еуропаның өзінде тұрғындардың 12 пайызы әлеуметтік желіні қолданбайды. БҰҰ сарапшылары атап өткендей, интернетке қолжетімділік қазіргі заманда жай ғана ақпарат алу құралы емес, сонымен қатар білім, денсаулық сақтау және экономикалық мүмкіндікке жол ашатын негізгі фактор.