Энергетика министрлігі "Электрондық үкімет" мобильді қосымшасы арқылы газ есептегіш көрсеткіштерін беру кезінде жасанды интеллектін қолдану пилоттық жобасын іске асыруға арналған бірлескен бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда "Электрондық үкімет" мобильді қосымшасы арқылы газ есептегіш көрсеткіштерін беру кезінде жасанды интеллектін қолдану" атты пилоттық жоба жоспарланып отыр.
Министрлік жобаның қабылдануы жасанды интеллект технологияларын енгізу, тұтынушылармен есеп айырысу процестерін цифрландыру және газ тарату ұйымдарының операциялық шығындарын оңтайландыру мемлекеттік міндеттерін орындауға бағытталғанын түсіндірді.
Жоба "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жақында су және жылу тарифтерін қалыптастыру ережелері өзгертілген, сондай-ақ коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілген болатын.