Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 желтоқсанда 2025 жылғы қарашада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қараша айында 100 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл істер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сараланған.

  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 8;
  • 190-бап (алаяқтық) – 15;
  • 194-бап (қорқытып алу) – 1;
  • 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
  • 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
  • 249-бап (рейдерлiк) – 2;ЭЭ?+
  • 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 4;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
  • 366-бап (пара алу) – 17;
  • 367-бап (пара беру) – 33;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;
  • 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;
  • 371-бап (салғырттық) – 1;
  • 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) – 1;
  • 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) – 1.

Сотқа келесі 24 қылмыстық іс жіберілді:

  • 190-бап (алаяқтық) – 10;
  • 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) – 1;
  • 366-бап – (пара алу) – 3;
  • 367-бап (пара беру) – 8;
  • 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 2.

Өтелінген залал (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 409,6 млн теңгені құрады.

Жұмыс жалғасуда.