Жуырда Бразилияның Жуан-Пессоа қаласындағы хайуанаттар бағында арыстан қоршалған аумаққа кіріп кеткен 19 жастағы жігітті талап өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Global News мәліметінше, аумаққа кіру үшін жас жігіт алты метрлік қоршаудан асып өтіп, ескерту белгілеріне қарамастан ағаш арқылы ішке түскен. Соның нәтижесінде жыртқыш адамды көрген сәтте-ақ оған тап беріп, талай түскен. Оқиға келушілердің көз алдында болған.
Lions aren’t pets. Disney fantasies aren’t real. Nature is brutal and indifferent.
Vaquerinho killed after entering lioness’s cage in João Pessoa zoo (Brazil). pic.twitter.com/vUVlu3D5bO
— Xaldwin Sealand (@XaldwinSealand) November 30, 2025
БАҚ деректеріне сәйкес, жігіттің психикалық ауытқуы болған. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Зообақ өкілдері қаншыр тұратын орын барлық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық нормаларға сай келетінін атап өтті. Қазір хайуанаттар бағы тергеу үшін жабық тұр.
Бұған дейін курорттық жағажайда акула қызды өлтіріп, жігітті жарақаттағанын жазғанбыз.