2 желтоқсанда Ақтөбе әуежайында тұман салдарынан рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді. Қолайсыз ауа райы болғандықтан бірқатар рейс кейінге шегеріліп, кейбірі тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" 2 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейстердің кешіктіріліп, кейінге шегерілгенін және тоқтатылғанын хабарлады.

Тоқтатылған рейстер

• IQ 399 Астана — Ақтөбе (Qazaq Air). Жоспарлы ұшу уақыты — 10:40. Рейсті әуе компаниясы тоқтатты.

• KC 977/978 Астана — Ақтөбе — Астана (Air Astana). Рейс қолайсыз метеожағдайға байланысты тоқтатылды.

• PC 240/241 Стамбул — Ақтөбе — Стамбул (Pegasus Airlines). 04:55-те ұшуы тиіс рейс алдымен 12:40-қа дейін кешіктірілді. Кейін Ақтау әуежайына жіберіліп, соңында әуе компаниясы оны тоқтатты.

Кешіктірілген рейстер

• KC 863/864 Алматы — Ақтөбе — Алматы (Air Astana). Ақтөбеден жоспарланған ұшу уақыты — 13:20. Кешігу — 3 желтоқсан 06:40-қа дейін.

• SM 885/886 Шарм-эль-Шейх — Ақтөбе — Шарм-эль-Шейх. Жоспарлы уақыты — 09:25. Рейс 13:20-ға дейін кешіктіріліп, Ақтөбеден 14:16-да ұшып шықты.

• DV 721/722 Астана — Ақтөбе — Астана (SCAT Airlines). Жоспарлы уақыт — 20:00. Ұшу 21:00-ге дейін кейінге шегерілді.

• DV 711/712 Алматы — Ақтөбе — Алматы (SCAT Airlines). Жоспарлы уақыт — 21:50. Ұшу 22:20-ға шегерілді.

• IQ 385/386 Астана — Ақтөбе — Астана (Qazaq Air). Жоспарлы уақыт — 22:40. Рейс 02:30-ға дейін кешіктірілді.

• FS 7191/7192 Алматы — Ақтөбе — Алматы (FlyArystan). Жоспарланған ұшу уақыты — 00:15. Негізгі ұшу — 02:15.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз