Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
2 желтоқсан күні ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Достық полиция бөлімшесінің басшысын және Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, олар шамамен 6 миллион теңге көлемінде пара алған сәтінде қолға түскен.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.