Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.
Бұған дейін қазақстандық таеквондошы Кениядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алғанын хабарлағанбыз