Бүгін Алматы қаласында жер сілкінді. Осыған байланысты журналист Сәуле Әбілдаханқызы өз пікірін білдірді.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Жер-Ана, тыныштал!..
Алла жар болсын!
Жаңағы жер сілкінісі қатты болды… бұ адамзаттан Жер-Ана да шаршады… күңіреніп, ұзақ тербелді…
Кеше ғана үйге генуборка жасап, жер сілкінісі кезіне арнайы дайындалған рюкзакты босатып, қайта жабдықтаймын деп ойлап қойып едім… ой, Алла-ай…
Соткаға «Президенттік хабарлама. Алматыда жер сілкінісі» деген смс үш тілде, жер сілкініп болған соң келді… Оның не қажеті бар? Онсыз да көріп, біліп отырмыз… сілкінбей тұрып келсе, бір жөн… Оны тағы «президенттік» дейтіні біртүрлі… «Төтенше жағдай: Сақ болыңыздар! Алматыда жер сілкінісі…» десе дұрыс емес пе? Тым болмаса, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары деп, ең қажетті 5-6 пункттен тұратын қауіпсіздікті сақтау туралы кеңес, паника болмауына әсер ететін сөздер жазылған смс келсе де мейлі еді…
5-6 балл болған шығар деп ойладым… Құдай сақтасын… Аман болайық», — деп жазды журналист.