Павлодарда үш тәулік бойы іздестірілген кейуананың мәйіті табылды. Ол далада үсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Усолкадағы тұрғын үйлердің бірінен 70 жастағы әйел шығып, жоғалып кеткен. 1 желтоқсаннан бастап оны іздеуге Vita еріктілері, полицейлер кірісті.
Еріктілер жасағының айтуынша, 4 желтоқсанда кейуананың денесі Суворов зираты маңынан табылды.
"Ол әбден үсіп қалды. Оның үстіне бағыт-бағдарсыз еді", — деді еріктілер.
Осыған дейін зейнеткерді іздеу үшін Усолка ауданын барынша шарлау жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар ілініп, қараусыз қалған орындар тексерілген.