Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта мемлекет басшысымен келіссөз жүргізу үшін Ақордаға келді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келетінін жазған едік.

Сапар барысында ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.

Айта кетейік биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз