Осыдан 3 жыл бұрын егілген лимон ағаштары бүгінде жайқалып өсіп, өнім беріп тұр.


Сарыағаш ауданындағы "Жабай ата" шаруа қожалығы тропикалық белдеуде ғана өсетін жемісті жерсіндірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шаруаның айтуынша, жерді тұздылығынан айырып, жәндіктерден тазарту үшін алғашқыда қияр-қызанақ секілді өнімдер еккен. Бүгінде шаруашылықтың 12 гектар жерінде лимон ағаштары жеміс беруде. Әр гектарға 800 түп ағаш егілген.

Лимон ағаштары енді 30-40 жылға дейін өнім береді. Шаруа лимон көшеттерін көршілес Өзбекстаннан әкелген. Жеміс ағаштарынан биылдың өзінде 200 тонна, ал алдағы уақытта 1 гектардан 40-50 тоннаға дейін лимон жинауды жоспарлап отыр.

Өнім негізінен ішкі нарықта саудаланады. Қазіргі таңда жылыжайда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.