Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында cөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны таныстырды.
"Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз. Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу. Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді. Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті. Бұдан бөлек СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады", — деді Тоқаев.
Криптовалюта — Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа сала.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар криптовалютамен қалай қауіпсіз айналыса алады, криптовалютаға не сатып алуға болады деген сауалдарға жауап іздедік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!