Журналист Сәуле Әбілдаханқызы түнгі 12-ден кейін туған күнмен құттықтайтындарға заңмен тыйым салу керек екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
”Түнгі 12-де туған күнімен құттықтап, «сюрприз» деп, у-шу етіп кіріп бару о баста 15-20-дағы бір кеңкелестің ойына тура келді, — солай істеді… шетелдік бір кинолардан көріп алған ғой… Сосын еліктегіш-солықтағыш «фантазиясы терең» қазақ не істеді? Ары қарай «өсіріп», «түрлендіріп», «дамытып», (торт жағып, ұн шашып, төбесіне сок, шампан құйып, салют атып, музыканы айғайлатып т.с.с., одан сайын санасыздандырып іліп алып кетті… Жастардан өтіп үлкендерге, кәрілерге жұқты… Құдай сана бермесе қиын ғой… Адам деген бұл уақытта ұйықтау керек қой… Оның несі сюрприз? Мысалы, маған ондай сюрприздің бір тиынға керегі жоқ… «Сюрприз» деген — адамды қуанту керек қой… ондай «сюрпризге» мен вашше қуанбаймын… өйтіп құттықтағанша, құттықтамай-ақ қойғаны жақсы… Әңгіме жоқ, ертеңіне, күндіз, адам сияқты, жайылған дастарханға кел… айтып кел… Қуана-қуана етімді асып, қазымды турап, салатымды жасап, құшақ жая қарсы аламын… (негізі, балам қайтқалы туған күнді де, жаңа жылды да тойламайтын болғам… «құшақ жая қарсы алады» деп шынымен кеп тұрмаңдар… мен туған күн тойламаймын…
Жасы болсын, кәрісі болсын — түн ортасында айғайлап, шулап, салют атып, музыканы бақыртып… мұндайды мәдениетсіздік, білімсіздік, ұятсыздық, санасыздық, парықсыздық, өресіздік, топастық, тәрбиесіздік, көргенсіздік, тексіздік, даңғойлық, дарақылық дейді… Кей балалар жасы келген ата-анасын түн ортасында солай сүйрелеп, лайк үшін соткаға түсіріп, шаршатып жүреді. О байғұстар «қойыңдар, керек емес» деуге балаларының көңілін қимайды… ренжіп қала ма, ұрсып тастай ма деп қорқады… Әйтпесе жасы келген, көзі іліну де мұң, 2-3 сағат тырп етпей тәтті ұйықтау арман боп қалған үлкен кісілерге ондай «сюрприз» көк тиынға керек емес шығар, Құдай біледі…