2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды:

"Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді".

Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқаны да нақтыланады.

Бұған дейін, 3 желтоқсанда Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртенп, бес адам зардап шеккенін жазғанбыз.