Атырауда зиратты талқандады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Еркінқала ауылы маңындағы қабірлердің бүлінуіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Олардың бәрі кәмелетке толмаған, тергеу барысында олардан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр", — делінген хабарламада.
Қазір заңда барлық тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Тергеу барысында құқықбұзушылардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады.