Таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі алтын, бір қола жүлде жеңіп алған ел құрамасы жалпы медаль кестесінде Түркия, Иран елдерінен кейінші үшінші орында тұр.
Еске салайық, бұған дейін Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
Ал оның алдында Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Темірлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.