Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Еркін Оқасов сайланды. Бұл туралы күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Федерацияның мәліметінше, Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Кәсіпкер, "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Ол талай жыл табанды еңбек етіп, осы уақытқа дейін федерация президенті қызметін атқарған Дәулет Болатұлына алғыс айтып, күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

"Сенім білдірген барша жан мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!" — деді Еркін Оқасов.

Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кеткенін жазған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз